Гастрочекап

Гастрочек-ап – асқазан, бауыр және ішекті кешенді тексеру

Ас қорыту жүйесі мүшелерін тексеруге арналған бағдарлама: гастроэнтеролог қабылдауы, эндоскопия, УДЗ және зертханалық талдаулар – барлығы бір ғимаратта.

Ұақыт

Әдетте, бір рет келу жеткілікті, ұзақтығы – 2–4 сағат.

Анализдер

INVITRO зертханасының клиника ғимаратындағы қабылдау пункті.

Мекен-жайымыз

Ақтау қ., 28 ш.а., 47-ғим., «GRAND AVENUE» ТК, 2 қабат

Кімге сәйкес келеді

Іштің кебуі, қыжыл, іштің ауырсынуы немесе асқазан тұсының жайсыздығы
Қан талдауындағы биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруі (АЛТ, АСТ, билирубин)
45 жастан асқан адамдар – онкологиялық скринингтен өту үшін
Нәжістің тұрақсыздығы, іш қату, қорытылуы қиын тағамдарды көтере алмау
Созылмалы аурулар, гастрит немесе асқазан-ішек жолының басқа да аурулары
- Міндетті тексеруден және профилактикалық тексеруден өтуді қалайтын адамдар

Кімге сәйкес келеді

Базалық гастрочек-ап

18 жастан бастап

Асқазанның, он екі елі ішектің, бауырдың, өт қабы мен ұйқыбезінің шырышты қабатының жағдайын бағалау.

Кеңестер
  • Гастроэнтерологтың кеңесі
  • Тексеру нәтижелері бойынша қайталама кеңес
Диагностика
  • Эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС)
  • Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ-і
INVITRO талдаулары
  • Лейкоцитарлық формуласы және ЭТЖ көрсеткіші бар жалпы қан талдауы
  • Биохимиялық талдау: АЛТ, АСТ, жалпы және тікелей билирубин, ГГТ, сілтілі фосфатаза, амилаза, глюкоза
  • Helicobacter pylori анықтау (нәжіс талдауы)

Кеңейтілген гастрочек-ап

45 жастан бастап немесе шағымдар болған жағдайда

Базалық бағдарламаға қосымша тоқ ішекті тексеру және бауыр фиброзын бағалау енгізілген.

Кеңестер
  • Гастроэнтерологтың кеңесі
  • Тексеру нәтижелері бойынша қайталама кеңес
Диагностика
  • Эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС)
  • Колоноскопия (ЭКС)
  • Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ-і
  • Бауырды фибросканерлеу (эластометрия)
INVITRO талдаулары
  • Лейкоцитарлық формуласы және ЭТЖ көрсеткіші бар жалпы қан талдауы
  • Биохимиялық талдау: АЛТ, АСТ, жалпы және тікелей билирубин, ГГТ, сілтілі фосфатаза, амилаза, глюкоза
  • Ферритин
  • Helicobacter pylori анықтау (нәжіс талдауы)
  • Нәжістегі фекальды кальпротектин
  • Копрограмма
Бағдарлама құрамы пациенттің шағымдары мен алдыңғы тексеру нәтижелерін ескере отырып, дәрігер тарапынан өзгертілуі мүмкін. Көрсетілген бағалар жария оферта болып табылмайды. Нақты құнын жазылу кезінде нақтылаңыз.

Қабылдау қалай өтеді

01

Жазылу

WhatsApp арқылы немесе телефонмен хабарласыңыз. Әкімші сізге бағдарламаны және қабылдау уақытын таңдап, дайындық тәртібін түсіндіреді.

02

Талдаулар

Таңертең аш қарынға қан талдауын INVITRO зертханасының қабылдау пунктінде тапсырасыз. Клиникада кезек күтпейсіз.

03

Тексерулер

УДЗ, эндоскопия және басқа да зерттеулер бір күнде клиниканың кабинеттерінде жүргізіледі.

04

Қорытынды

Дәрігер нәтижелерді талдап, диагноз қояды немесе профилактика бойынша ұсыныстар береді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Чек-апқа жазылу

Гастроэнтеролог: әкімші сізге бағдарлама, жас ерекшеліктері және дайындық тәртібі бойынша кеңес береді.

Бағдарлама бойынша сұрақтарыңыз қалды ма?

Бізге жазыңыз — қай чекап нұсқасы сәйкес келетінін және оған қалай дайындалу керектігін айтып береміз.